Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иранға қарсы санкциялар мұнай бағасын қымбаттатуы мүмкін

Иранға қарсы санкциялар мұнай бағасын қымбаттатуы мүмкін


JPMorgan Chase & Co. америкалық қаржы холдингі жақын уақытта мұнай бағасы айтарлықтай өсуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Компанияда атап өткендей, АҚШ пен Еуропа одағы Иранға қатысты санкцияларды қайтаратын болса, мұнай бір баррелі үшін 80 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.
«Сондай-ақ, Батыс державаларының Сириядағы азаматтық соғысқа тартылуы да бағаға әсер етеді. Қалыпты жағдайда мұндай кезеңдік активтерден бас тартқан дұрыс болатын еді. Компаниялар мен АҚШ халқына жақында жасалған «салық сыйлығы» мұнай активтеріне салым жасауға мүмкіндік береді. Иранға жасалған санкциялар салдарынан осы жылы жазда іске асуы мүмкін тәуекелдер Сириядағы жағдайға байланысты біз болжағаннан ерте орын алып отыр», - деп жазылған хабарламада.
JPMorgan аналитиктері Таяу Шығыстағы соғыс әрекеттерінің күшеюі мұнай бағасына тұншықтырғыш сипатта болады, себебі, жеті жылға созылған соғыс салдарынан елдегі мұнай өндірісі күрт төмендеп кетті. Аналитиктердің айтуынша, АҚШ ирандық мұнайды сатып алмауына байланысты нарықты біршама күйзеліске ұшырату үшін ЕО және бірқатар азиялық тұтынушы тарапынан санкциялар қажет болады.

17 сәуір 2018 ж. 1 065 0