Сырдариялық жас маман марапат төрінде

Негізінен, байқаудың мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметкерлерді кітап оқуға ынталандыру болып табылады. Аталған байқауға Айдарлы ауылдық әкімшілігінің бас маманы Ережеп Есенкелді қатысты. Өз кезегінде жас мемлекеттік қызметіші жарыс туралы мол ақпарат берді.
– Облыстық байқауда поэзия жанры бойынша өзім таңдаған ақын Мұқағали Мақатаевтың «Дос болам десең» деген өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқыдым. Ал, проза жанрында жазушы Бибігүл Имамғазинаның «Тауқымет» романын оқып, талдау жасадым. Қос жанрды қатар игергеніме қуаныштымын. Негізінен, мемлекеттік қызметшіге үнемі кітап оқыған дұрыс. Себебі, қазақтың рухани құндылықтарын әрбір адам білуге маңызды. Сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Ә.Тажібаев кітапханасы мен Мемлекеттік Қызмет Істері Қызылорда ұжымына алғыс білдіреміз. Кітап оқитын жастарымыз көбейе берсін, – дейді жас маман.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.