Ауыл тұрғындары электронды кітап жүктеп алды

Осы ретте, ақпараттық технологиялардың ұтымды жағын пайдалануды көздеген Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері ауылдық кітапханашы Нұргүл Жуматаеваның жетекшілік етуімен "Google Play" және "App Store" мобильді қосымшасы арқылы "Kitap" бағдарламасын жүктеп алды. Қолдарындағы ұялы телефонды пайдалы жағынан ғана пайдалануды жөн деп санайтын тұрғындар арнайы қосымша арқылы электронды және аудио кітаптарды жүктеп алды. Сондай-ақ, «Тегін кітап» бөлімінен Қабдеш Жұмаділовтың "Құзғынның өлімі" және "Қаздар қайтып барады" кітаптарымен танысты. Мамандар кітап туралы өз пікірлерін ортаға салып, танымал туындыларды талдады. Өз кезектерінде игі бастаманы құптап, өз пікірлерін ортаға салды.