Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғыны сайлаушыларға тоқаш сыйлады

Ауыл тұрғыны сайлаушыларға тоқаш сыйлады

Сайлау күні Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылының тұрғыны №169 сайлау учаскесінің сайлаушысы А.Бодықова барша сайлаушыларға арнап, ерекше тоқаш сыйлаған болатын.

Аудан көлемінде президент сайлауы мерекелік көңіл күймен өтуде. Оған себеп аманкелділік тұрғындардың жоғары белсенділігі болып отыр.

Айта кетсек, ауданда 18 сайлау учаскесі, 21615 сайлаушы бар. Таңертеңгі 07.00-ден сайлаушылар жоғары белсенділікпен сайлауға қатысуда.

– Мен әрдайым мұндай маңызды шараға белсене қатысамын. Биыл да сол дағдымнан жаңылған жоқпын. Сайлауға ертерек келіп, өз таңдауымды жасадым. Мен еліміздің ертеңіне сенемін. Жастардың болашағы жарқын болсын деп тілеймін.  Өз қолымнан шыққан тәтті тоқашты ауыл тұрғындарына ұсынып отырмын. Сайлауға келген жұртшылық тоқаштан дәм татса, дән ризамын. Негізінен, бірнеше жылдан бері тоқаш пісірумен айналысамын. Біз бүгіңн отбасымызбен таңдау жасадық. Көршілерімізде сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауда, – дейді ауыл тұрғыны А.Бодықова.  

Айта кетейік, ауданда 18 сайлау учаскесі және 21615 сайлаушы бар. Барлық сайлаушыларға жағдай жасалған. Ойлы оқырманғанға алдағы сағаттарда сайлаудың өту барысыен хабарлап отырамыз.
20 қараша 2022 ж. 311 0