Мыңыншы дауыс беруші

Елдегі сайлауды 641 халықаралық байқаушы қадағалуда. Оның 532-сі – 10 халықаралық ұйымның өкілі екенін айта кетейік. Сондай-ақ әлемнің 35 мемлекетінен 109 байқаушы арнайы келген. Соынымен бірге 38 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстаннан тікелей хабар таратуда. Шетелдік байқаушылар президенттік сайлау ашық әрі әділ өтіп жатқандығын айтып, ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға берді. Мәселен, Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелерінде шетелдік меймандар бақылау жасауда.
Қазір еліміз түрлі мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Демек, бұл сайлауға Қазақстанға қатысты жаңа болжамдар жасауға мүмкіндік беретін ерекше жағдай ретінде қараймыз. Сайлаудың әділ өтуі қоғалыкөлдік Айдос секілді жастардың таңдау жасауында екені анық. Ауданда кешкі 8.00-ге дейін даус беру жалғасады.