Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Абай облысынан келген отбасы Тереңөзекте дауыс берді

Абай облысынан келген отбасы Тереңөзекте дауыс берді

Тереңөзек кентіне Абай облысынан қонаққа келген Абеев Жеңісбек пен жұбайы Абеева Қадиша №156 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Аудан тұрғындарымен пікірлесіп, жергілікті халықтың ұйымшылдығын жоғары бағалады. Арнайы қонаққа келген меймандарға тұрғындар құрмет көрсетіп, қонақжайлылық танытты.

Алты кандидат арасынан Әділетті Қазақ­стан­­ның келешегі үшін адал қызмет ететін тұлға­ны танып, өз таңдауын жасау – әр азамат­тың борышы.

– Қызылода облысына қонаққа келген едім. Өзім Семей  қаласының тұрғынымын. Тереңөзекте ағайын-туысымыз тұрады. Зайыбым екеуміз тарихи мекенге келіп, қуанып жатырмыз. Сайлау учаскесінің қыздары жайдарлы менізіме қарсы алып, барлық қызметті көрсетіп жатыр. Рұқсат қағазымызға сәйкес, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті халықпен пікірлесіп, емен-жарқын әңгіме айттық, – дейді Жеңісбек.  Абеев.

Бүгін елімнің тыныштығы, ұрпағымның болашағы үшін дауыс беруге келген жастарды көріп, ел ертеңінен сеніммен қарадым. Қазақстанның келешегі – еркін дауыс беру құқығы бар барша отандасымыздың қолында.  Бұл сайлау да – тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі. Еліміз шын мәнінде әділетті, халық игілігіне жұмыс істейтін қуатты республикаға ай­налатынына өз басым кәміл сенемін.
20 қараша 2022 ж. 379 0