Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Дүбірлі көкпар сайысы өтті

Дүбірлі көкпар сайысы өтті

Республика күні мерекесі аясында Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында «Құрмет» орденінің иегері, Сырдария ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетовтің жүлдесіне арналған ұлттық көкпар сайысы өтті.

Көкпар сайысының ашылу рәсімінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Көкпар – қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың ортаны қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозын көргенде жүрегі туламайтын қазақ бар ма?! Аталған ұлттық спорт түрін жанына жолдас еткен Сіздерге өз алғысымды білдіремін!
Осы орайда «Сырдария ауданының құрметті азаматы» Мамыр Байдәулетов өзінің туған ауылында көкпар ойынын өткізуде. Айтыскер ақынның ауданның өсіп өркендеуіне, рухани құндылықтарымыздың жаңғыруына қосқан үлесі зор. Ол - ақындығымен дараланған сөз зергері ретінде аудан мерейін үстем етіп келеді. Айтыстың ақтангері атанған Мамыр Байментайұлы биыл «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағын алып, халықтың құрметіне бөленуде. Ардақты азаматты құттықтап ризашылығымды жеткізгім келеді! Ұйымдастырылып отырған көкпар сайысында баршаңызға сәттілік тілеймін!-деді аудан басшысы.

Сайысқа ауданға қарасты ауылдардан және Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан келген көкпаршылар қатысып, бақтарын сынады.

Дүбірлі додада бағы мен бабы келіскен, шеберлігі асқан мықты шабандоздар бақ сынасты.

Мұнан бөлек, Мамыр Байдәулетовтің өнердегі серіктері, айтыскер ақындар Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, тағы басқа жергілікті азаматтар қаржылай қолдау білдіріп, атпалдай азаматтар сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

30 қазан 2022 ж. 696 0