Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұлттық мерекеде Сырдария ауданында көкпар сайысы ұйымдастырылды

Ұлттық мерекеде Сырдария ауданында көкпар сайысы ұйымдастырылды

Халқымыздың ұлттық ойындарының ішіндегі ең ерекшесі – көкпар сайысы.

Елден бата алу үшін көкпар беру – атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың дәстүрі.

Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті көкпаршы, жылқы малының жанашыры Кенжебек Ордабаев Тереңөзек кентіндегі атшабарында жаппай көкпарға қолдау жасап, елдің ризашылығы мен ақ батасын алды.

25 қазан - Ұлттық Республика күні аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Дала төсін дүбірлеткен жаппай көкпарға көршілес Жалағаш, Шиелі, Арал, Жаңақорған аудандары және Түркістан облысының жігіттері де қатысып, доданың думанын қыздырды.

Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құраса, «Өгіз өлдіні» салған палуанға тай бастаған тоғыз сыйға берілді.

Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұлттық спорттың додасы Тереңөзек кентінде ұйымдастырылып отыр.
26 қазан 2022 ж. 812 0