Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Көлік жүргізу жауапсыздық пен жүгенсіздікті көтермейді

Нұрлыбек Нәлібаев: Көлік жүргізу жауапсыздық пен жүгенсіздікті көтермейді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қала құрылысы кадастры жүйесін құру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға салалық министрлер мен онлайн режимде өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жыл басынан бері жол көлік оқиғалары өскенін жасырмады. Әсіресе, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары. Аталған өңірлерге Қазақстан бойынша барлық жол көлік оқиғаларының 56 пайызы, жарақат алғандардың 55 пайызы және қаза тапқандардың 41 пайызы тиесілі. Сондай-ақ, масаң күйде көлік жүргізу, құжатсыз көлік айдау оқиғалары жиілеп кеткенін ашып айтты. 

«Есепті кезеңде полиция 4,5 млн-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісінің жолын кесті, 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды»,-деді министр.

Премьер-Министр аталған салаларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижелі жұмыс көрсету қажет екенін еске салды.

Үкімет тапсырмаларын орындау бағытында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жол көлік оқиғаларына нақты талдау жүргізу, рейдтік шараларды қатаң қолға алуды тапсырды. Әсіресе, облыс аумағындағы трассаларда оқыс оқиғалары жиі көрініс табатындықтан, полиция департаментіне бақылау тетіктерін күшейтуді міндеттеді. Ал, көлік инспекциясына бақылау және тексеру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды ескертті. 

Себебі биылғы жылдың 8 айында Қызылорда өңірінде 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 91 адам қаза болып, 304 адам түрлі дене жарақатын алған.
05 қазан 2022 ж. 518 0