Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады.

Қазақстан Президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.
 
14 қыркүйек 2022 ж. 619 0