Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді

3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді

Сырдария ауданындағы елді мекендердің инфрақұрылым мәселелері шешімін тауып келеді. Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген мәселенің бірі елді мекендердегі күре жолдардың бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу мәселесі болатын.

Аталған мәселені аудан әкімдігі биылғы жылдың жұмыс жоспарына енгізіп, нәтижесінде құрылысы ағымдағы жылдың шілде - тамыз айында басталған С.Сейфуллин ауылының орталық Сәрке батыр және Шортанбай би көшелеріне ұзындығы 3 шақырымды құрайтын тротуар қазіргі таңда ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Мердігер «Универсал сервис МН» ЖШС - і салған жол құрылысына тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.

Айта кету керек, Сырдария ауданының аумағында жалпы ұзындығы 268,06 км құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның ішінде, 44 км - республикалық, 111,56 км - облыстық, 112,5 км - аудандық маңызы бар жолдар.

Бүгінгі күні ауданға автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 жоба іске асырылуда.

11 қыркүйек 2022 ж. 709 0