Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «ҚТЖ» транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады

«ҚТЖ» транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады

Мемлекет басшысы еліміздің транзиттік қуатын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр.

Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. 

Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады», деді Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Президенттің қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
01 қыркүйек 2022 ж. 422 0