ӨРКЕНИЕТКЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ
Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» еліміздің әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды бастамаға жетуге бастап отыр. Уақыт талабына сай өмір сүріп, еңбек ету, ілгері жылжу биік белестерді бағындыру-бүгінгі күннің айқын нысанасы екендігі мәлім. Әлемдегі дамыған елдермен тереземіз тең, беделіміз биік болуы үшін бәсекелестік қабілетімізді барынша шыңдай түсуіміз қажет. Аталған бастаманың «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» атты 2-ші бастамасында салық саласына, 4-ші бастамада кәсіпкерлікті дамыту мен жетілдіруді көздейді.
Атап айтқанда, екінші бастама: ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек, осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керектігі атап айтылған.
Төртінші бастама «Шағын несие беруді көбейту» арқылы өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңыздылығы, әсіресе ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша екендігі атап көрсетілген. Ауданда жыл басынан барлығы 83 жеке тұлға әр кәсіп түрлерімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
Ел экономикасының қанаты болған -салық 5 әлеуметтік бастамаға іспен жауап беруге тиіс. Өйткені, біз алға бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін қойғанбыз.
Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал, аталған 5 әлеуметтік бастаманы дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір үлкен бастама деп түсінгеніміз абзал.
М.Бисенова,
Сырдария ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы
Сырдария ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы