Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі академиясы: Референдум заңға сәйкес өтіп жатыр

Түркі академиясы: Референдум заңға сәйкес өтіп жатыр

Халықаралық Түркі академиясы елімізде өтіп жатқан референдумды оң бағалады. Ұйымның байқаушылары сағат таңғы 7:00-ден бастап 9 сайлау учаскесін аралап үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркі академиясының байқаушылары 9 сайлау учаскесінде болды. Сағат 7-ден бастап сайлау учаскелерін аралауға кірістік. Әрі қарай да жұмысты жалғастыра береміз. Халықтың референдумға деген қызығушылығы айтарлықтай жоғары. Оған куә болдық. Сайлау учаскелерінен экзит-пол топтарын да, бақылау мүшелерін де байқадық. Орталық Сайлау комиссиясы және Қазақстанның басқа да құзырлы органдары барлық талаптың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар Халықаралық Түрік академиясы гуманитарлық ғылыми ынтымақтастық бойынша жұмыс істейді. Түркі әлемінің ғылыми қауымдастығы Қазақстандағы референдумды бақылап отыр.

Дәл қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Түркі мемлекеттерінің бірлігі өте мықты болуы керек. Өзіміздің байқау миссиямызды күні бойы жалғастырамыз. Түрік академиясынан 3 бақылаушы бар. Біз болған учаскелерде белсенділік 10-30% аралығында.

Қазақстан – біздің отанымыз. Әзербайжан үшін Қазақстанның орыны өте маңызды. Барлық сайлау учаскесінде мерекелік көңіл күй сезіледі. Көпшілігінен қонақжайлылық байқалады. Қазақстан халқына ризашылығымызды білдіреміз», деді Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли.

Ұйымның атынан келген байқаушылар сайлау учаскелерінен тәртіп бұзушылықтарды байқамағанын айтты. Бұған қоса Түркі әлемі Қазақстанда болып жатқан жаңғырту процесіне үлкен қызығушылықпен қарайтындарын жеткізді.
05 маусым 2022 ж. 357 0