Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді

Оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді

2022 жылдың 05 мамырында аймағымыздағы 8 мектепте оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (ББЖМ) жұмыстары жүргізілді.

Оған 4 және 9 - сынып оқушыларының арасынан 537 оқушы қатысуда.

Аталмыш мониторинг білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу болып табылады. Бұл елімізде биыл алғаш рет өткізілуде. Тестілеу арқылы оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады.

Айта кетейік, 4 – сынып бойынша ең жоғары балл – 30, тестілеуге 105 минут берілді. Ал, 9 – сынып бойынша ең жоғары балл – 75, тестілеуге 170 минут берілді. Мониторинг мектеп базасында өткізілді және қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.




Сырдария аудандық білім бөлімі


05 мамыр 2022 ж. 503 0