Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстан Президенті Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында елордаға келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, Премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы «ФИДЕС» альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық салада  мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтіп, Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.
03 мамыр 2022 ж. 1 061 0