Қызылордада сайлауалды уәделердің 96 пайызы орындалды
Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Онда «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық және облыстық Жол карталардың 2021 жылға орындалуы және ағымдағы жылдың І тоқсандағы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды.
Жалпы Сайлауалды бағдарламалар тұрғындар ұсыныстары ескеріле отырып, аймақтың экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы Жол картаны іске асыру бойынша жұмыс органы болып табылады. Осы орайда Сайлауалды бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау топтың жетекшісі Нұрғали Қорбадай хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар мен қаралған қаржылар бойынша хабарлама жасады.
Жобалау тобы жетекшісінің айтуынша 2021 жылы Жол картаның іс-шараларын жүзеге асыруға барлығы 105,5 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның 31,7 млрд. теңгесі облыстық, 73,8 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен. Ал ағымдағы жылға Жол карта іс-шараларын орындау мақсатында, барлығы 109,1 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның 27,4 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған 81,9 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен қаралған. Биылғы жылы Жол картаның тармақтары аясында өңірімізде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау объектілерімен қоса ауылдарды жаңғырту мақсатында Қызылорда облысының 25 елді мекенінде 32 инвестициялық жоба іске асырылады дейді ол.
Жұмабек ЕМБЕРГЕНОВ,
аудандық мәслихат депутаты
аудандық мәслихат депутаты