Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттық сауалға жауап

Депутаттық сауалға жауап

Жақында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Кесебаева бастаған депутаттар Сыр өңіріне келіп, бірқатар кездесулер өткізген еді. Мәжілісмендер жұмыс сапары аясында Сырдария ауданында да болып, өңірдегі өзекті мәселелерді жергілікті жұртшылық өкілдерімен бірге талқылаған болатын. Сонда көктемгі дала жұмыстарының мәселелері, оның ішінде минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды шешу, арзандатылған бағамен берілетін жанар-жағар маймен толыққанды қамтамасыз ету, субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыру және мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілген қолдаудың дер кезін­де орындалуына Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапкер­шілігін қатаң сұрау жөнінде Үкіметке депутаттық сауал жолданатыны айтылған еді. Сол жұмыстар бойынша бізге ақпарат ретінде депутаттық сауалға қатысты жауап берілгені жөнінде хат келіп түсті. Мұның шаруалар үшін маңыздылығын ескере отырып, Үкімет жауабын аудандық газетке жариялауды жөн көрдік.

Депутаттық сауал жолдаған депутаттардың тізімі:


1.Қ. Абасов
2.Б. Кесебаев
3.Б. Оспанов
4.А. Бердалин
5.Ф. Қаратаев
6.Н. Ожаев
7.Б. Сартбаев
8.Б. Торғаев
9.М. Төлепберген
10.А. Үйсімбаев
11.Ә. Әбсеметова
12.Ғ. Әміреев
13.Ж. Сүлейменова
14.Е. Барлыбаев
15.А. Әбілдаев
16.А. Амирханян
17.Ш. Осин

Құрметті депутаттар!

Сіздердің көктемгі дала жұмыстарының мәселелеріне қатысты депутаттық са­уал­дарыңызға мынаны хабарлаймын.

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды шешу бойынша

2021 жылы минералды тыңайтқыштардың әлемдік бағасы табиғи газ бен электр қуатының қымбаттауына байланысты айтарлықтай өсті. Қалыптасқан жағ­дай­ды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қар­жылық қол­дау мақсатында тыңайтқыштарды субсидиялау нормалары ағым­дағы нарықтық бағаларды ескере отырып, қайта қаралды. Бүгінгі таң­да облыстардың әкімдіктері норма­ларды қаулылармен бекіту рәсімдерін жүр­гізуде.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету жұмыстарын жүргізуде. Айталық, отандық тауар өндірушілермен бірқатар кездесулер мен кеңес­тер өткізіліп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолже­тімді бағадағы минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәлімделген көлемі нақты жеткізу кестелерін қалыптастыру үшін отандық зауыттарға жіберілді. Сондай-ақ «ҚазАзот» АҚ-мен өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша аммиак селитра­сының бағасын жыл басындағы белгіленген бағадан 25%-ға (тоннасына 200,0 мың теңгеден 160,0 мың теңгеге дейін) төмендету жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Өңірлердің арзандатылған тыңайтқыштарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін об­лыстардың жергілікті бюджеттерінде 26,8 млрд теңге көзделген. Сонымен қатар қазіргі уақытта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәсе­лесі қа­растырылуда. Тиiстi бюджеттiк өтiнiм қаралып, республикалық бюд­жет комиссия­сы­ның қарауы үшін Қаржы министрлiгiне енгiзiлдi.

Жалпы көктемгі дала жұмыстарының басталуымен өңірлердің минералды ты­ңайт­қыштармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 25 нау­рыздағы жағдай бойынша 265,4 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге келісім­шарттар жасалып, оның 116,4 мың тоннасы тиеліп, жөнелтілді. Тыңайт­қыш сатушылар қоймаларды толтыруда, тыңайтқыш жеткізу ұйымдас­тырыл­ған. Кейбір өңірлерде облыстардың әкімдіктері отандық зауыттармен мемо­рандумға қол қо­йып, жеткізілім көлемін бекітті.

«Кең дала» бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштардың, қосал­қы жаб­дықтардың, егіс тұқымдары бағаларының қымбаттауына байланысты қаржы көле­мін ұлғайтып, қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылы «Аграрлық несие кор­по­рациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. Бүгінгі күні «Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­шілерге (бұдан әрі – АШТӨ) 79,7 млрд теңге сомасына 2792 өтінім келіп түсті, оның ішінде:

– 46,6 млрд теңгеге АШТӨ-нің 1451 өтінімі қаржыландырылды;

– 22,8 млрд теңгеге АШТӨ-нің 1184 өтінімі мақұлданды;

– 10,3 млрд теңгеге АШТӨ-нің157 өтінімі қаралуда.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Министрлік тарапынан көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайту арқылы бюджеттік кредиттеуді 140 млрд теңгеге дейін жеткізу мәселесі пысықталуда. Бұл ретте 70 млрд теңге мөлшерінде қосым­ша бөлінген қаражат 1 гектарға келетін шығын нормативтерінің өсуін еске­ре отырып беріледі.

Арзандатылған бағамен берілетін жанар-жағар маймен толыққанды қам­та­ма­сыз ету бойынша ағымдағы жылы (ақпан-маусым айларында) егіс жұмыстарын жүр­гізуге облыстардың өтінімдері негізінде өңірлердің дизель отынына қажеттілігі 400,2 мың тонна (2021 жылы – 380,0 мың тонна) болып айқындалды. Ағымдағы жылғы 14 ақпанда Энергетика министрлігі өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына (бұдан әрі – МӨЗ) бекіту кестесін және ақпан айына дизель отынын МӨЗ арқылы өткізу бағасын тоннасына 212,0 мың теңге деңгейінде бекітті.

Анықтама ретінде. Өңірлік операторлардың жеткізуге, сақтауға және сату­ға жұмсайтын шығындарын ескере отырып, АШТӨ үшін орташа баға литрі үшін 200 теңгені құрайды (өңірлердегі жанармай құю станцияларында баға 1 литрі үшін 230 теңгеден 260 теңгеге дейін), ол орташа есеппен 15%-ға арзан.
Қазіргі уақытта облыстардың әкімдіктері (ішкі регламент негізінде) дизель­дік отынды МӨЗ-ден сатып алуды және өңірлерге жеткізуді, содан кейін АШТӨ-ге өткізуді қамтамасыз ететін операторларды айқындау жөніндегі шараларды аяқ­тады. Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан) опе­раторлардың ресурс иелерімен жасалған келісімшартына сәйкес дизельдік отын көлемі бойынша төлем жасау рәсімдері аяқталып, жөнелту және жеткізу шаралары жүзеге асырылуда.

Субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыруда және мемлекет тарапынан ауыл ша­руашылығына берілген қолдаудың дер кезінде орындалуында Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің жауапкершілігін қатаң сұрау қажеттілігіне қатысты ағым­дағы жағдайды және оның даму үрдістерін кешенді талдауды, геосаяси дағда­рыс­тың ел экономикасына теріс әсерін азайту бойынша барабар шаралар қабыл­дау қажеттілігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы субсидиялаудың жаңа теті­гін енгізу мәселесін келесі жылға дейін кейінге қалдыру және ағымдағы жылы агро­өнер­кәсіптік кешенді қолданыстағы қағидалар бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, осы мақсаттарға қосым­ша қаражат бөлу арқылы мемлекеттік қолдауды сақтап қана қоймай, күшей­ту туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді, өңдеуге тап­сы­рылған өнімді субсидиялауға, инвестициялық субсидиялау бағдар­лама­сын кеңей­туге, кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін арзандатуға қосым­ша қара­жат бөлу көз­деліп отыр. Бөлінген қаражат, ең алдымен өткен жылы пайда болған бере­шекті өтеуге, тауарлық-материалдық ресурстар бағасының көте­рілуінен АШТӨ шығындарын өтеуге және ішкі азық-түлік нарығында отан­дық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға бағытталатын болады.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілетін қолдаудың АШТӨ-ге дер кезінде жеткізілуі Үкіметтің қатаң бақылауында.



Ә.Смайылов,
ҚР Премьер-министрі



26 сәуір 2022 ж. 523 0