Қостанайда тұңғыш халықаралық IT мектеп ашылды
Цифрлық даму министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында жаңа оқу орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
IT-мектеп – Lerna халықаралық IT жобасы негізінде жасалған оффлайн және онлайн оқытатын бірегей бағдарлама.
«IT бағыт – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Онымен қоса елде ІТ саласында кадрлардың жоғары тапшылығы бар. Сондықтан Президент өз Жолдауында 2025 жылға дейін 100 мың жоғары білікті IT маманды даярлауды тапсырды. Өңірімізде биылғы жылы – 135, 2025 жылға қарай 540 маман даярлау міндеті тұр», - деді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев.
Жаңа оқу орнында жастарды IT және Digital саласындағы заманауи мамандықтар бойынша оқыту жоспарлануда. Бірінші курс – Python-да бағдарламалау. Python – бағдарламалаудағы ең танымал тілдердің бірі. Бағдарлама веб-әзірлеуде, қолданбаларды жасауда, деректерді талдауда, автоматтандыру жүйелерінде қолданылады. Студенттер оқу соңында халықаралық сертификат (диплом) алады. Оқу ұзақтығы – 18 апта. Мектеп мамыр айының басында толықтай қызметіне кіріседі.