Қызылордада «Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы» ашылды
 Қызылорда қаласында азаматтарға электрондық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында республика бойынша алғашқы «Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы» жұмысын бастады.
Қызылорда қаласында азаматтарға электрондық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында республика бойынша алғашқы «Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы» жұмысын бастады.Орталықтың ашылуы азаматтарға «электронды үкімет» веб-порталынан қызметтерді оңай, кедергісіз және тегін алуына мол мүмкіндік береді.
Аталған орталық ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда қаласының әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен бірлесіп ашылды.
Орталықтың ашылуына департамент басшысы Рафхат Бисенов, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Айдын Қайруллаев және облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова барып, орталықтың жұмысымен танысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
		











Пікір 1