Жаңа облыстарды құру бойынша негізгі жұмыстар атқарылды
Мемлекеттік органдар мен өңірлердегі негізгі жұмыс 20 сәуірге дейін аяқталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта ведомство Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмыс жүргізуде.
«Биыл 25 наурызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен осы облыстарды құру мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Жалпы алғанда, жұмыс Президенттің тиісті жарлықтарын қабылдау бойынша бекітілген Жұмыс алгоритміне сәйкес жүргізілуде. Алгоритм жауапты орындаушыларды және орындау мерзімдерін көрсете отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарға сәйкес міндетті түрде жүргізілуге тиіс іс-шаралар мен рәсімдердің тізбесін қамтиды», деді министр.

Жалпы, Алгоритмге сәйкес мемлекеттік органдар мен өңірлердің негізгі жұмысы 20 сәуірге дейін аяқталады, ал Президенттің тиісті Жарлықтарының жобалары мамыр айының басында Президент Әкімшілігіне енгізілмек.
«Жұмыс алгоритмінің іс-шараларын іске асыру министрліктің күнделікті бақылауында», деді министр.