Енді Алматыдағы Алғабас ауданына 5 қабаттан артық үй салынбайтын болды
Енді Алматыдағы “Алғабас” шағынауданында 5 қабаттан жоғары үй салынбайтын болды. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев айтты, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
Әкімнің айтуынша, аудандағы 9 қабатты үйлердің қабырғалары қайта нығайтылуда.“Бірінші болып қисайған №1/136 үй тұрғындары көшірілді. Үй “Астана-Құрылыс” компаниясына қайта жөндеуге берілді. Тұрғындар жаңа үйдің құжатын дайындауды бастап кетті”, -дейді Рыспааев.
Сонымен қатар, шағынаудандағы тағы 9 үйдің құрылысы қайта нығайып жатыр.
Қисайған үйді салған компанияға қайта жөндеуге мүмкіндік берілген. Кейін олар жаңа үй тұрғызды. Компания лицензиясынан шектелмеген.
Пікір 2