Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде

Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде

Сырдария өзенінің су деңгейі көтеріліп, Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде. Шардара су қоймасының толуына орай Сырдария өзенінің төменгі ағысына 1000 текше метр су жіберілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев хабарлады.

-Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына мың текше метр су тасталуда. Оның 450 текше метрі Көксарай су реттегіш қоймасына келуде. Бүгінде облыс аумағына 600 текше метр су келіп түсуде. Соған сәйкес облыс аумағынан магистральді каналдар мен көлдер жүйесі арқылы су алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 56 су басу қаупі бар аймақ анықталып, оларға 398 арнайы техника және 1 367 адам күші бар 197 мекеме бекітілді, - деді Бағдат Әлиев.

Салаға жауапты мамандардың айтуынша Сыр суының дәл осылай толуы бес жыл бұрын тіркелген екен. Қазіргідей өзен арнасының толуына көктемгі жауын-шашының мол түсуі әсер еткен.

-Наурыз айының басында Сырдария өзенінің су жиналатын аймақтарында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су көлемі көбейді. Осы себепті Шардара су қоймасын транзиттік режимге қойып, төменге тасталынатын су көлемін – 1340 текше метрге көбейттік. Қазір Көксарай су реттегіш қоймасында - 658 млн.текше метр су бар, - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы РММ –нің басшысы Сейілбек Нұрымбетов.

- Сырдария өзенімен облыс шекарасына 650 текше метр су түсуде. Ал Қазалы су торабынан төменгі ағысқа - 235 текше метр су тасталуда. Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында каналдармен су алу кестесі әзірленеді. Биыл Шардараға - 2,3 млрд.текше немесе Көксарайға – 1,5 млрд.текше су жиналмаса егістікке су беру маусымы кезеңінде су тапшылығы болады деп күтілуде, - «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.
04 сәуір 2022 ж. 553 0