Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті

11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті

11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" шоуының тоғызыншы маусымының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 сәуірде "Первый канал" арнасында шоудың жаңа бөлімі көрсетілді. Алдымен жас өнерпаздар үш-үштен бірігіп өнер көрсетті. 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

"Песня на вылет" кезеңінде жас қазақстандық "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін қайта шырқап, финалға шықты.

Айта кетейік, көрмей тыңдау кезеңінде Сағын Өмірбайұлы Родольфо Фальвоның "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін орындаған болатын. Қазылар алқасының екі мүшесі жас әншіге бұрылды - әнші Полина Гагарина мен рэпер Василий Вакуленко (Баста). Сағын Гагаринаны тәлімгер етіп таңдады.
03 сәуір 2022 ж. 568 0