Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әскери мектептің түлектері ант берді

Әскери мектептің түлектері ант берді

Қызылорда гарнизонында Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің 21 сарбазы Отан алдында әскери ант берді.

Курсанттар қырық күндей аталған техникалық мектепте жоспарға сай қажетті даярлықтарын шыңдады. Әскери-техникалық мектептерде ант беру рәсімі оқу процесі аяқталғаннан кейін өтетіні белгілі. Сарбаздар әскери ант бергенге дейін «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында екі мәрте қарудан оқ атып, тактикалық дайындықтарын дамытты. Білікті мамандардың арқасында нағыз әскери тәртіпті бойларына сіңіре білді. Түрлі әскери теориялық сабақтарды оқып, білгендерін іс-тәжірибеде қолданды.

Әскери-техникалық мектептерге іріктеу жергілікті әскери басқару органдары өкілдерімен жылына 7 рет өткізіледі. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебі жылына шамамен 130-дан астам азматтарды оқуға қабылдайды.

Курсанттар оқу барысында тактикалық, жауынгерлік және атысқа дайындықтың ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысады. Әскери-техникалық мектеп қысқа мерзім ішінде жас өрендердің әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер ашуда.
 
- Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеу қажет. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебінің ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Аз ғана уақытта әскери тәртіпке баулып, нағыз жауынгер қандай болу керкектігін үйретті. Қарусыз және қоршауда қалған жағдайдағы неше түрлі қоян-қолтық жекпе-жек өнерімен жаттықтық. Осы мектепті бітірген соң әскери қызмет атқарсам деген ойым бар, - дейді әскери-техникалық мектебінің түлегі  Жұмағұл Жамбыл.

Бұл – ағымдағы жылдың әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің 1-ші легі. Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі алдағы уақытта да Отанға адал қызмет ететін мамандарды қабылдауын жалғастырады.

Соңғы жылдары әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтаған түлектер ішінен Қарулы Күштерімізге қызмет ететін азаматтардың саны артқаны байқалады.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант
19 наурыз 2022 ж. 453 0