Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

№ 96 газет

04 желтоқсан 2021 ж.

№ 95 газет

01 желтоқсан 2021 ж.

№ 94 газет

27 қараша 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Түлектер әскери ант қабылдады

Түлектер әскери ант қабылдады

Қызылорда гарнизонында әскери-техникалық мектебінің сарбаздары санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, өздерінің Отан алдындағы әскери антын қабылдады.

Әскери-техникалық мектепте қырық күннен астамуақыт даярлықтарын шыңдаған сарбаздартүрлі әскери теориялық, тәжірибелік білім жинап, әскери тәртіппен танысты. Тәжірибе жүзінде қаруды қалай қолдану керектігі мен тактикалық дайындықтардан өткеннен кейін, ант қабылдау алдында қарудан оқ атып үлгерді.

Елін қорғауға сақадай сай тұрған өрендердің басым бөлігі Қызылорданың түрлі аймақтарынан және жастық шағында әскери өмірге қызығушылық танытқан бозбалалар. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар сапына белгілі себептермен қосыла алмаған жас жауынгерлер әскери-техникалық мектеп жайлы есітіп, мекемеге жүгініп, Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған.
-Қырық күн ішінде біршама достар тауып, көптеген нәрселерді үйрендім. Бүгін жауынгер достарыммен әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтап, ант қабылдап отырмыз. Алдағы уақытта әскери қызмет атқарам деген ойдамын. Барлық курсанттар атынан басшылық ұжымына алғысымды айтамын, - деді әскери-техникалық мектебінің түлегі Мағжан Тұрмағанбетов.

Жауынгерлер алғашқы жұмада әскери тәртіп пен Қазақстандағы Қарулы Күштер туралы мәлімет алады. Бұл – әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің соңы емес. Техникалық мектеп темірдей тәртіпке баулитын мамандарды қабылдап, дайындауын жалғастыруда.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант 


14 сәуір 2021 ж. 167 4

Медет от 15 сәуір 2021 11:22
отличной службы всем новобранцам!

Медет от 15 сәуір 2021 11:23
Жарайсыңдар

Serikjan от 15 сәуір 2021 12:17
Ант – жеке тұлғаның ең қастерлі нәрсемен өзге адамды не адамдар қауымын өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі, уәде беруі, куәлік етуі.

Serikjan от 15 сәуір 2021 12:17
Қазақ дәстүрінде нан, Құранды ұстап адалдығына ант беру рәсімі ежелден қалыптасқан
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам