Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бас прокурор: ҰҚШҰ әскері Қазақстанда лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ

Бас прокурор: ҰҚШҰ әскері Қазақстанда лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ

Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскері лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төнді.

«Бұл факторлар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына сәйкес, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингентін тарту үшін негіз болды. Олардың басты мақсаты стратегиялық маңыздағы нысандарды қорғау болды. Лаңкестікке қарсы операцияларды өткізу кезінде ҰҚШҰ әскері қатыспағанын айрықша атап өтемін», - деді Берік Асылов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде 11 аймақта агрессивті топтар зорлық-зомбылық сатысына өткенін айтты.

«3-ші, 4-ші және 5-ші қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақыруға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті. 4-ші және 5-ші қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті», - деді Б. Асылов.

14 наурыз 2022 ж. 617 0