Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Адам арасындағы шиеленістерді алдын алу маңызды

Адам арасындағы шиеленістерді алдын алу маңызды

Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аталған тренингті Департаменттің психологиялық қызметінің бастығы майор Нэлля Искакова өткізді. Іс-шараға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға офицері, әділет майоры Рүстем Жайымбаев қатысты.

Жиынды өткізудегі мақсат – әскерилердің отбасындағы шиеленістердің алдын алу мен психологиялық төзімділікті қалыптастыру болып табылады.

Тренинг барысында отбасылық келісімді сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жанұялық шиеленіс туралы сараптамалық анықтамалары бар бейнероликтер көрсетілді. Сонымен бірге жеке құраммен «Шиеленістердің түрлері мен жолдарын реттеу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

– Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқармасында және бөлімдерінде «Мен өмірді таңдаймын» онкүндігі барысында ауқымды шаралар өткізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылу керек, – дейді майор Нэлля Искакова.

Әскери қызметшілердің отбасындағы ахуалдар мен өзге де шиленістерді шешуге бағытталған шараларды өткізу үнемі Департамент басшылығының бақылауында.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  
02 наурыз 2022 ж. 322 0