Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қызыл­ор­да облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қа­был­­да­ды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда облы­сын­да 2021 жылы атқарыл­ған жұмыстар туралы есеп бе­рілді.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, облыстағы экономиканың негіз­гі көрсеткіштері – өндірістік өнім көлемі 0,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 14,5 пайызға, жеке инвестиция 11,7 пайызға, сауда 2,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 8,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3 пайызға артқан.

Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ кездесу барысында облыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұ­мыс­тарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма­ берді.
22 ақпан 2022 ж. 484 0