Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Президент: Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткіземін

Президент: Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткіземін

Ресейдегі бірқатар сарапшылар жыл басында елімізде болған оқиғаға қатысты «Төңкерісшілердің мақсаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстаннан қуып шығу немесе тұтқынға алу» деген болжам жасады. Мемлекет басшысы болжамға қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Бәлкім, бұл Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы шығар. Бұл рас та болуы мүмкін. Олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады ғой. Қалай десек те, арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан, шетелдік сарапшылар айтқан пікірдің жаны бар деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондықтан барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажет екенін түсіндірді.

– «Сабыр түбі – сары алтын» деп халқымыз бекер айтпаған. Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым, – деді Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.
17 ақпан 2022 ж. 365 0