Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауған соғысы ардагерлерін қабылдады

Ауған соғысы ардагерлерін қабылдады

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Айтулы дата қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданынан сұрапыл майданға аттаған Ауған соғысы ардагерлерін қабылдады.

Қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы М.Қаратаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Смайлов қатысты.

– От пен оққа толы Ауған жеріне біздің Сырдария ауданынан 32 жауынгер аттанды. 3 жауынгер елге оралып қайтыс болды. Бүгінде Сырдария ауданында 16 Ауған соғысының ардагері бар. Сіздердің майдан даласындағы жауынгерлік жолдарыңыз бен туған елге оралғаннан кейінгі бейбіт өмірдегі еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі-өнеге. Сондықтан да барша халқымыз жат жерде намысын ту етіп ұстап, үлкен ерлік көрсеткен ауған соғысының ардагерлеріне тағзым етеді, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Жиын соңында ардагерлер аудан басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 ақпан 2022 ж. 657 0