Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ләззат Қалтаева Сенат депутаты ретінде ант берді

Ләззат Қалтаева Сенат депутаты ретінде ант берді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Қазақстан халқы алдында ант беріп, палатаның тұрақты комитетіне сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президенттің Жарлығымен қаңтар айында Ләззат Молдабекқызы Сенат депутаты болып тағайындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың Парламенттің депутаты болуы Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет орын алып отыр. Жалпы, Мемлекет басшысы бұл санаттағы азаматтардың саяси өмірге белсене араласуына үнемі баса мән беріп келеді. Ләззат Молдабекқызының сенатор болуы соның нақты нәтижесі. Бұл - Президентіміздің елімізді жаңарту бағдарының іске асуының жарқын көрінісі. Мұндай қадам алдағы уақытта мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда ол Л. Молдабекқызын көпшілік белсенді қоғам қайраткері ретінде жақсы танитынын еске салды. Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында Л. Қалтаева депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттық өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», деді ол.
Сонымен қатар бүгінгі жалпы отырыста Л. Қалтаева Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамына сайлынды.
10 ақпан 2022 ж. 390 0