Облысқа «Спутник-V» вакцинасының 8 мың дозасы келді

- Қазіргі таңда өңіріміз «қызыл» аймақтар қатарында. Індет жұқтырушылар қатары күн сайын артып барады. Осы күрделі кезеңде тұрғындарды вакцинациялау маңызды. Қазіргі таңда 1 комнонентін алғандар 92,6 пайыз болса, ІІ компонентімен 87,8 пайызды құрады. Ал облыстағы 39 537 тұрғын ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ, өңірімізге 8 мың доза «Спутник-V» вакцинасы жеткізіліп, барлық емханаларға жөнелтуде. Ал «pfizer» вакцинасын 22 333 тұрғын қабылдады. Жалпы барлық емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде, - деді Жангелді Шайымбетов.
- Облыста індеттің ірі ошағы Қызылорда қаласы. Аудандар үлесі бойынша індет ошақтары Шиелі және Жаңақорғанда анықталды. Жас ерекшеліктері бойынша жіктейтін болсақ, 20-29, 30-39 жас аралығындағы жастар арасында вирустың таралу деңгейі жоғары. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында белсенділік байқалады, оның ішінде 1 жасқа дейінгі сәбилердің үлесі басым. Облыста коронавирус инфекциясынан бөлек, жіті репираторлық вирусты инфекциялардың эпидахуалы күрделеніп тұр. Соңғы аптадағы көрсеткіштер өткен кезеңдермен салыстырғанда 1,5 есеге артқан, - деді Әлия Әбдіқайымова.