Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл директорлардың ротациясы басталады

Биыл директорлардың ротациясы басталады

Биыл мыңнан астам директор ротацияланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Биыл директорлардың ротациясы басталады. Алдыңғы жылды заңнаманы қабылдап, бекіттік. Енді биыл нақты мыңнан астам директор ротацияға ілінеді.

Ротацияның ережелері:

Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеген басшылар ротацияланады.

Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.

Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.

Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:

– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармалары жүзеге асырады;

– ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;

– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді.

– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
31 қаңтар 2022 ж. 229 0