Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Педагог күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті

Педагог күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті

Педагогтардан артық есепті талап еткені үшін 50-ден астам білім беру ұйымының басшысы жазаланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бағытта батыл шаралар қолға алынды. Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Қазір барлық процестерді реттеудің нақты тетіктері бар. Қазір біз педагогтың күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін бекіттік, олар – сынып журналы, қазір оны көпшілігі электронды түрде толтырады және сабақ жоспары. Одан басқа құжаттарды мұғалім күнделікті толтыруға міндетті емес. Жылына бір рет күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады», – деді А. Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министр педагогтан артық есеп сұрау бойынша шағымдар келіп түскенін және нақты шаралар қабылданғанын айтты.

«Биылғы жылдың өзінде осы норманы бұзу бойынша білім беру ұйымдарының 50-ден астам басшысы жазаланды», – дейді Білім министрі.
25 желтоқсан 2020 ж. 562 0