Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Зағип жандар: Көз жанары – өмірдің айнасы

Зағип жандар: Көз жанары – өмірдің айнасы

Көз жанарынан айырылса да қоғам өмірінен тысқары қалмайтын зағип жан­дардың жаратылысы бөлек. Тек түйсіктің сезімталдығы арқылы олар барлық іске икемділігін көрсете бі­леді. Бүгінде ауданымызда 68 зағип жан бар екен. Бүгін осы тақырыпты қаламымызға арқау етпекпіз.

Көз мүгедектігімен есепте тұратын азаматтардың өзекті мәселелері жеткілікті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандармен тығыз байланыс орнатып, олар­дың әлеуметтік жағдайын жақсарту күн тәрті­бінен түспеуі тиіс. Денсаулығында кінәраті бар адамдарды мемлекет өз қамқорлығына алғаны жөн. Жарық сәулені көруді аңсайтын жандарға барынша демеу болғанымыз дұрыс.


Көз мүгедектігі бар кісілер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал акті­лерін тіркеу бөлімі арқылы арнайы техни­калық құрал-жабдықтармен қамтылады. Мүм­кін­­­дігі шектеулі жандарды техникалық көмекші құрал­­­­дармен қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес жеке оңалту бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Былтыр бағ­­дарлама шеңберінде І, ІІ топтағы 25 көз мүге­дегі тиф­ло­­­­­­техникалық құралдармен және 38 мүге­­­дек жеке көмекшінің әлеуметтік қызметімен қамтамасыз етілген.
– Көз мүгедектігі бар азаматтарға арналған 3 са­ғат, дыбыс жазбасын шығаруға арналған 5 пле­йер, 3 дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон, 5 тифлотаяқ, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген 4 ноутбук, 1 сөз шығаратын тонометр, 1 ине сабақтағыш, 1 сөз шығаратын термометр зағип жан­дарға таратылды. Қазіргі таңда жеке көмекшілер азаматтардың жүріп-тұруына тікелей жауапты. Мү­гедектерді оңалтудың іс-шараларымен қамту жұ­мыстары «Әлеуметтік қызметтер порталы» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Бөлім тарапынан көз мү­ге­дектігімен есепте тұратын азаматтарға барынша қолдау көрсетілуде, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Ақкенже Исаева.

Біз осыдан 29 жыл бұрын көз жанарынан айы­рылған Жалғасбай Сейтжановты сөзге тарттық. Ол бас-аяғы 4 жылдың ішінде 7 рет ота жасатқан. Ал­маты қаласына барып емделгенімен дертіне да­уа таппаған көз мүгедектігі бар жан әлеуметтік-құқық­тық мәселелерді көтеріп жүр.


– Бұрындары көз мүгедіктеріне тифлотехникалық құралдар алу үшін әлеуметтік жағдайын жақсарту және оңалту мақсатында кәсіпкерлерден көмекте­суін сұрайтынбыз. Бизнес өкілдерінің азғантай кө­ме­гі жанымызға демеу болды. Кейіннен «Қазақ со­қыр­лар қоғамы» жанынан «Сырдария кор­по­ративтік қоры» жұмыс жасады. Қор аясында мемлекеттік тендерге қатысқан біздер мү­гедек жандарға арнап іс-шаралар өткізіп, денсаулығын сауықтыруға көңіл бөлдік. 2018 жылы аталған қордың жұмысын өзге де әріп­тестеріме тапсырдым. Қазіргі таңда «Қазақ соқырлар қоғамының» «Сырдария бастауыш ұйымын» Алмас Іскендіров деген кісі басқа­рады, – дейді Жалғасбай Сейтжанов.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі оқырман­дардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақ­са­­­тында көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған өздігінен оқитын арнайы құрылғыны аудандық орталықтандырылған кі­тапхана сатып алған болатын. Құны 500 мың теңге тұратын құрылғы арқылы зағип жандар кез келген кітапты оқи алады.

Негізінен, осыдан үш ғасыр бұрын зағип жандарға арналған мектеп пен мекемелерді әлем­дік деңгейдегі педагог Валентин Гаюи сала бастаған екен. Содан бері халықаралық зағип­тар күні белгіленді. Бұл ретте, «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы» көз жанарынан айы­рылған немесе көру қабілеті төмен адамдар үшін кешенді жоспарлар қабылдайды.


Шын мәнінде, әлемде жарық сәулені көрме­се де, тарихта есімін алтын әріптермен жазып қалдырған тұлғалар баршылық. Мәселен, «Илиада» мен «Одиссея» эпостарын жазған Гомер, зағиптардың алфавитін құрастырған Луи Брайль, дүниежүзіне есімі әйгілі қоғам белсендісі Джозеф Пултцер, ерекше таланты арқылы ән әлемінің жұлдызы атанған Андреа Бочелли, ағылшындардың құқық қорғау саласын басқарған Дэвид Бланкетт, асқан ше­шендігімен, суырып салма өнерімен танылған қазақ ақыны Шөже Қаржаубайұлы бар. Сонымен бірге, Галилео Галилей, Клод Моне, Николай Лобачевский, Гарриет Табмен, Хелен Келлер, Стиви Вандер секілді атақты жандар талантымен, дарынымен ел есінде.


Зерттеулерге көз жүгіртсек, зағип жандар қоршаған ортаны көзбен көрмесе де, кейбір дені сау адамдардан артық белсенді жұмыс ат­қарады екен. Жоғарыда аталған азамат­тар­дың бірі мемлекеттік салада қызмет етсе, бірі шығырмашылықпен айналысқан. Барлығы да еміне шипа іздеп, рухани құндылықтармен су­сындаған. Ендеше әлеуметтік мәселе өз маңы­зын жоймақ емес.

Түйін. Көз мүгедектігі бар азаматтардың кей­де құрал-жабдықтары істен шығып жата­тындығын естиміз. Бір нүктеге қадалған олар­­дың көңілі қай кезде де пәс екенін ескерсек, өз алдына емін-еркін қозғалып, жарық дүниені сезіне алмауы тіптен қиындық туғызады. Сон­дық­тан зағип жандарға қолдау көрсетіп, көмек­тесуіміз қажет.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 қаңтар 2022 ж. 2 021 0