Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Nur Otan» партиясының кезектен-тыс ХХІ съезіне қатысатын Сыр өңірінен делегаттар сайланды

«Nur Otan» партиясының кезектен-тыс ХХІ съезіне қатысатын Сыр өңірінен делегаттар сайланды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Онда 28 қаңтар күні өтетін партияның кезектен тыс ХХІ Съезіне Сыр өңірінен қатысатын делегаттар сайланды.

Съезге филиал төрағасы мен оның бірінші орынбасары, республикалық Саяси кеңес мүшелері және аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысатын болады.

Жиында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Әбдіқалықова кеңес мүшелерін Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз партияның барлық құрылымдық бөлімшелерін қажетті тәжірибе мен мүмкіндіктерді, күш-жігерімізді Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің толыққанды орындалуына жұмсап, осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруымыз керек»,- деді филиал төрағасы.

Атап өту керек, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс ХХІ Съезі өтеді. Онда партияның алда тұрған негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалатын болады.

26 қаңтар 2022 ж. 507 0