Ертең Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

Бұл сынақ - шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, сондай-ақ университеттерге ақылы негізде түсетін мектеп бітіруші түлектер үшін арналған.
Бүгінде аймақтағы 7 514 мектеп бітіруші түлектің 6 106-ы немесе 81% тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Ертеңгі алғашқы тестілеу күнінде 203 түлек он бір жылғы білімін тезге салып, бақтарын сынайтын болады.
- Облыс көлемінде ертеңнен бастап 3 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Айта кететін жайт, оқушылардың ҰБТ өтетін тестілеу пунктіне баруы мен қайтуы, жол шығыны және қауіпсіздігіне ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері тікелей жауапты болады, - деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қаңтардағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау және тапсыру мерзімдері өзгертілген болатын. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау уақыты 21 қаңтарға дейін ұзартылып, тестілеуді 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізу жөнінде шешім қабылданған.