Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды

«Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды BAQ.KZ


Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды.  

1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды. 

Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында  20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.

«Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері,  «Құрметті байланысшы» деген атағы бар. 

20 қаңтар 2022 ж. 297 0