Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қоғамымыздың біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген – Президент

Қоғамымыздың біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елдегі тәртіпсіздіктердің жүйелі түрде ұйымдастырылғанын айтты.

«Біздің қоғамның біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген, оның ішінде наразылықтар мен кәсіби түрде әзірленген сценарийлер қолданылған. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау жасырын түрде жүргізілген. Ұлттық қаупісіздік комитеті уәкілетті орган ретінде осы қирату жұмыстарына нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген аса үлкен қауіпті көрмеді. Шабуыл ұйымдастырушыларына тек себеп іздеу ғана қалды, ал ол себеп бәрібір табылар еді», - деді Қ. Тоқаев. Президенттің айтуынша, осы аралықта халықтың автогаз бағасының қымбаттауына наразылығы құрал ретінде қолданылған. Сондай-ақ, екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингенті елден шығарылады.
11 қаңтар 2022 ж. 340 0