Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мемлекет басшысы жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын реттеуге қатысты пікір білдірді.

«Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады», - деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында. Бұдан бұрын хабарланғандай Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кеткенін айтты.

11 қаңтар 2022 ж. 464 0