Алдағы күндері аяз күшейеді

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Солтүстік-Батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол қысқа мерзімді температураның төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді. Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронтальды қызмет аймағында болады, мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары мен тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады. Мереке күндері Батысқа Скандинавия аймақтарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды, жауын-шашын, мұз күтіледі» делінген хабарламада.