Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұртөре Жүсіп: Тарихты түгендеуде баспасөздің рөлі ерекше

Нұртөре Жүсіп: Тарихты түгендеуде баспасөздің рөлі ерекше

Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтті.

Шара барысында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп тарихты түгендеуде баспасөздің ролі ерекше екенін алға тартты. Бұл ретте бестомдықтың басы-қасында жүрген барша азаматтарға, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевқа, қолдау танытқан облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Сырбойылықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Тәуелсіздік біздің бақытымыз екенін айтты.

Айта кетейік, «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарық көріп отыр. Бұл еңбектің ерекшелігі сол, Сыр өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өткені мен бүгінін қызылордалық журналистердің өздері саралап, зерттеп жазып шықты. Шығармашылық топ бұған екі жыл уақыт арнады. Кітап жазу барысында Сыр журналистикасының тарихына қатысты бұрын-соңды қалам тербеген аға-әріптестердің, ғалымдардың еңбегі пайдаланылды. Мұнымен қоса Мәскеу, Алматы қалаларындағы, Қызылорда облысындағы архивтерден, кітапханалардан нақты мәліметтер, тың деректер алынды.
11 желтоқсан 2021 ж. 258 0