Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді аударым дерегі салық органдарына берілмейді

Мобильді аударым дерегі салық органдарына берілмейді

2025 жылға дейін қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы дерек салық органдарына берілмейді. Ал елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған, деп хабарлайды ktk.kz.

Осылайша қарапайым халықты толғандырған жобаның жай-жапсарын Мемлекеттік кірістер комитеті тәптіштеп түсіндіріп берді.

Демек бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. Себебі: ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады.

Парламент сайтында жарияланған заң жобасына келсек, жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді беру жалпыға бірдей декларацияны енгізуге сай келеді және бұл 2025 жылдан басталады. Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені олар 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған.

Әлібек Әбділов, Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат – негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған.
05 желтоқсан 2021 ж. 621 0