Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дөгелек үстел өтті

Дөгелек үстел өтті

Бүгін Департаменттің ұйымдастыруымен «Бизнеске арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде кәсіпкерлерде және құзырлы органдарда туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау және оны болдырмау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы филиалы, "ҚАЗАВТОЖОЛ" Ұлттық Компаниясы" акционерлік қоғамының қызылорда облыстық филиалының басшылары және осы сала кәсіпкерлерінің қатысты.

Шара барысында, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала басшылары атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелер бойынша өз ұсынымдарын білдірсе, кәсіпкерлер жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі туындайтын әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу қорытындысында автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында айтылған ұсынымдарды ескере отырып хаттама жасалып, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.
29 қараша 2021 ж. 326 0