Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автожол сапасына мониторинг жұмысы жүргізілді

Автожол сапасына мониторинг жұмысы жүргізілді

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында департаменттің ұйымдастыруымен, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам өкілдерімен бірлесіп Қызылорда қаласында 2020-2021 жылы салынған Ж.Құлахметов, Қарақұм, және Ж.Әбдіқалықов атындағы көшелерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоба аясында 2020 жылы 21 рет мониторингкешықты, 60 ақаулар анықталып, 28 жойылды.

Жоғарыда аталған көшелерден «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен тиісті сынамалар алынып, жол сапасын зертхананың қортындысынан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.
17 ақпан 2021 ж. 325 0