Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жайдарлы жайдарман

Жайдарлы жайдарман

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай  Іңкәрдария ауылындағы №191 орта  мектепте  «Мәңгілік ел жастары» атты жас жай­дарманшылар сайысы өтті.

Көрермендерге әдемі әзіл, әсем әуен мен ән сый­лаған сайысты мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ақгүл Сәрсенбаева ұйымдастырды.

Бірнеше кезеңнен тұрған өнер сайысында бас жүл­де кубогін 7-сыныптың «Ковидқали» құрамасы, бірінші орынды 9-сыныптың «Таңқалмаңыз» командасы, екінші және үшінші орынды «Жайдарман шпиондары» мен «Тек қана қыздар» командасы өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды.

Мектептің 7-10 сынып оқушыларынан құралған командаларды өнерге баулып, көңілді сайысты өткізуге белсене атсалысқан ауылдық клубтың мәдени ұйым­дастырушысы Нұртуған Бердалыұлы кеш соңында кө­рер­мендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
27 қараша 2021 ж. 599 0