ШҚО-да бойжеткен қошқарды 29 рет көтеріп жігіттерден озып кетті
Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданында Наурыз мерекесіне орай өткізілген ұлттық спорт сайыстары кезінде Юлия Морина қошқарды 29 рет көтерді.
Оюмен ойын өрнектеген Үкіжан апа Өзге ұлт өкілдерінің қарасы қалың Зырян ауданында күн мен теңелетін шуақты мереке – Наурыз жыл сайын ерекше аталып өтіледі, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті.Жергілікті халықтың да қызығушылығы жоғары. Әсіресе қой көтеру сайысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бір қызығы, әдетте ерлер ғана қатысатын жарысқа биыл қыз-келіншектер де қызығушылық танытып, мерекелік шараға жиналған жұртшылықтың көңілін бір көтеріп тастады. Қыздардан ортаға бірінші болып Юлия Морина шықты. «Жаттығу залына барып тұрамын. 40 келілік штангамен 15 рет отырып-тұра аламын. Дегенмен де қой – штанга емес. Сондықтан толқып тұрмын», – деген ол айтса айтқандай көтерген жанды «штангасын» қолынан сусытып алды.
Юлиядан кейін қой көтеру кезегін алған Анастасия Бурнашова тіпті бірқатар жігіттерді шаң қаптырып, семіздікті көтеретін жалғыз жануарды 29 рет көтерді. «Наурыз мерекесін ерекше жақсы көремін. Алаңға қандай байқау болса да бағымды сынап көрейін деп келіп едім. Қошқар көтеру сайысының өтетіндігін білгенде бас тарта алмадым», – дейді ол.
Зыряндағы дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істейтін шымыр бойжеткен бос уақытында бодибилдинг, пауэрлифтинг және фитнеспен шұғылданатын көрінеді. Ал ерлер арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы, қаладағы спорт мектептерінің бірінің ауыр атлетика бойынша жаттықтырушысы Шахмамед Умудов қарсылас шақ келтірмей, бір минутта 42 рет көтеріп, жарыс жеңімпазы атанды.