Сақтық шараларын сақтау маңызды

«Коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру болып отыр. Мен екпені алғаш қабылдаған медицина саласы мамандарының бірімін. Бүгінде денсаулығыма қатысты ешқандай шағымым жоқ. Күнделікті үйіме еш алаңсыз барып, жақындарыммен емен – жарқын араласа аламын. Барлық жерлестерімді екпе алуға шақырамын. Әр адамның саулығы – өз қолында", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Ақмарал Матаева.
«Коронавирус індеті адам өміріне үлкен қауіп төндіретін дерт. Науқастардың ортақ клиникалық белгілеріне дене қызуының көтеріліп, тыныс жолдарының тарылып, өкпенің жұмыс жасауы қиындайтындығы жатады. Облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационарында еңбек еткен тұста, талай ем алушының ауа жетіспегеннен қиналғанын көзімізбен көріп, қажетті медициналық көмек көрсеттік. Бұл біздің қоғам алдындағы міндетіміз деп есептейміз ", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі Айжамал Сайпырова.