Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Екі азаматтық іс тоқтатылды

Екі азаматтық іс тоқтатылды

Сырдария аудандық сотында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында Билер кеңесінің көмегімен бір күннің ішінде 2 азаматтық іс тоқтатылды.

Талап қоюшылар «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2 жауапкерден негізсіз артық алынған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті өндіру туралы талаппен арызданған.

Алдын-ала сот отырысында төрағалық етуші судьяның ұсынысымен тараптар Билер кеңесіне жүгінді. Билер кеңесінің мүшелері өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен дауды шешуге көмектесіп, екі жауапкер өндірілуге тиіс сомаларды төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен тараптардың татуласу келісімдері бекітіліп, іс жүргізу 5 жұмыс күні ішінде тоқтатылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

13 қазан 2021 ж. 343 0